Айгүл Иманбаеваның концертінде тыңдарманы жанжал шығарды

Айгүл Иманбаеваның концертінде тыңдарманы жанжал шығарды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде танымал әнші Айгүл Иманбаеваның концертіндегі келеңсіз жағдай туралы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы zhuldyzdy_news Instagram-парақшасында жарияланған. Видеоға сүйенсек, белгісіз жігіт әншіден бірге "Таңғы елес" әнін айтуды талап етеді.

"- Айтамын, міндетті түрде айтамын "Таңғы елесті". Соңына қарай айтамын. Сценарий бойынша айтамын.

- "Таңғы елесті" бірге айтайық, қосылып.

- Жоқ, маған кету керек болып тұр.

- Алып кетіңіздерші, мына жерде қызметшілер бар ма? И, көкем, бар, бара ғой, алып кетіңдерші", - дейді олар видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's ?? (@zhuldyzdy_news)

Бірақ бұл қойылым ба, әлде шынайы оқиға ма, белгісіз. Өйткені Желі қолданушылары арасында бұл көрініс арнайы ойластырылған сценарий екенін жазғандар бар.

"Өлең айтамын деп тұр ма? Зәресін алды ғой Айгүлдің масқара. Қазір жаман болып барады адамдар, нервный ма. Қорқасың бар ғой", "Не міндет сендердікі, әншіге барып "менімен айт" деп. Ән айтуда оңай емес", "Ойпырм-ай, осы суретке түсетін кезде күзетшілер жан-жағыңнан жұлқылап, пранк қой көрніп тұр", "Ой, пранк қой, сенгіш халқым-ай. Всё по сценарию!", "Пранк шығар бұл да", - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова