Тоқаев 2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Заңда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс көзделген:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!