Massaget.kz журналисі "Еркін сөз" байқауының арнайы жүлдесін жеңіп алды

Massaget.kz журналисі "Еркін сөз" байқауының арнайы жүлдесін жеңіп алды
Фото: © ttjk.info

"Түркітілдес журналистер қоры" қоғамдық қоры ұйымдастырған "Еркін сөз - 2022" шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байқауда қаржы тақырыбында мақала жазған журналистердің еңбектері сынға түскен. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің Grand Palace залында өткен.

Байқау жүлдесі ретінде бас жүлдеге 500 мың теңге, ал арнайы марапатқа 100 мың теңге ақшалай сыйлық және арнайы дипломдар, сертификаттар табысталды.

Қаржы тақырында жазып бас жүлде алған журналистер:

"Үздік мақала" аталымы бойынша бас жүлде - Абай Қазбекұлы

"Үздік телесюжет" аталымы бойынша бас жүлде - Мерей Мұратханқызы

"Сайттағы үздік мақала" аталымы бойынша - Мелс Сейдахметов.

Осы байқауда Massaget.kz журналисі де үздіктердің қатарынан табылды. Сайт тілшісі Сымбат Сатыбалдина Айнұр Сыдықова атындағы сыйлыққа ие болды.

Айта кетейік, "Еркін сөз" байқауы журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова