Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің сөзінше, желтоқсанда ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, қар, жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-25 метрге дейін күшеюі, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Содан кейін Салехард аудандарынан арктикалық суықтың тағы бір бөлігімен ауа температурасы төмендейді:

- еліміздің батысында түнде -13-23 градусқа дейін, күндіз -5-15 градусқа дейін;

- солтүстікте және орталықта түнде -25-33 градусқа дейін, күндіз -12-25 градусқа дейін;

- шығыста түнде -25-37 градусқа дейін, күндіз -17-23 градусқа дейін;

- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан циклон тұрақсыз ауа райын тудырады, солтүстік-батыс өңірлерде, содан кейін елдің қалған аумағында аяздың әлсіреуіне әкеледі.

Болжам бойынша 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады, сонымен бірге қармен, бұрқасынмен және екпінді желмен күтіледі, ҚР-ның оңтүстік жартысында жауын-шашын көбіне жаңбыр және жылбысқы қар түрінде болады деп болжанады. Сондай-ақ, көктайғақ құбылыстары мен тұман жиі байқалады. 

Бір ай ішінде циклондық белсенділіктің әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі, ал солтүстік-батыс антициклондардың енуі кезінде бірнеше суық толқындар болжанады. Осылайша, желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалуы күтіледі:

ҚР солтүстік жартысында түнде -25-35 градустан -5-13 градусқа дейін, күндіз -15-25 градустан  0 -5 градусқа дейін.

ҚР оңтүстік жартысында түнде -17-23 градустан -5+2 градусқа дейін, күндіз -5-10 градустан +3+10 градусқа дейін.

Жалпы, болжам бойынша, желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қиыр батысында, солтүстігінде нормадан 1 градус жоғары болуы мүмкін.

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік, апталық және 1-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина