Таразда өзін қорғау үшін күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

Таразда өзін қорғау үшін күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Таразда өзін қорғау үшін азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

"Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігімен кінәсі толық дәлелденді. Осы баптың негізінде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасы қауіпсіздігі орташа колонияда өтелсін", - деді судья Айдарбек Замбаев. 

Сотталушы сот үкімімен келіскен жоқ. Ол 47 жастағы азаматтық некедегі күйеуін өзін қорғау мақсатында байқаусызда өлтіріп алдым деп ақталды.

"Әйтпесе өзімді жазым қылуы мүмкін еді" деп түсіндіріп, жазаны жеңілдетуді өтінді. Прокурор айыпталушыны 11 жылға түрмеге жабуды сұраған. Алайда судья 8 жылға жаза кесті.

Еске салайық, бүйрек тұсына пышақ сұғылған 47 жастағы ер адам аурханаға түсіп, сол жерде жан тапсырған болатын. Артынша күдікті ретінде азаматтық некедегі әйелі қамауға алынды. Үйінде жанжал болып, екеуі бір-біріне пышақ ала жүгірген екен. Сотталушының 15 және 18 жастағы екі баласы бар. Енді балалары анасының жазасын жеңілдету үшін апелляциялық шағым түсіреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина