Саяси деңгейде талқыланбайды - СІМ Әблязов туралы

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мұхтар Әблязовты елге экстрадициялау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін әлеуметтік желіде Қазақстан және Франция президенттері Әблязовті талқылады деген ақпарат тарады. Бұл туралы қандай да бір ақпарат бар ма?", - деп сұрады журналистер.  

"Кездесу барысында саяси ынтымақтастық, білім беру саласындағы сауда-экономикалық, ынтымақтастық талқыланды. Қазақстан мен Франция арасында бірқатар экономикалық келісім жасалды. (...) Әблязовке қатысты, бұл мәселе Қазақстанның ғана емес, Еуропа мен АҚШ-тың көптеген елінің құқық қорғау және сот органдарының құзыретінде. Бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды", - деді Василенко. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!