Мақсатына берік адамдар ұйықтар алдында не істемейді? Зерттеу

Мақсатына берік адамдар ұйықтар алдында не істемейді? Зерттеу
Фото: Pixabay

Ойлаған нәрсеңізге жете аласыз ба? Мамандар мұны ұйықтар алдында істейтін нәрселеріңізді талдап, анықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап. 

Өз мақсатына жетуді әдетке айналдырған адамдар бар. Олар ешқандай кедергіге қарамастан, ойындағысын істей алады. Алайда бастаған ісін соңына жеткізбейтіндер де бар. 

Қытайлық мамандар мақсатыңызға қалай жететін адам екеніңізді анықтауға көмектесетін ерекшелікті атады. Бұл тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысы Халықаралық экологиялық зерттеулер және денсаулық сақтау журналында жарияланды. Зерттеу жұмысына 3687 қытайлық студент қатысқан. 

Олардың әрқайсы жазушы әрі психолог Филипп Зимбардо ойлап тапқан сауалнаманы толтырған. Одан бөлек, зерттеуге қатысушылар телефонды пайдалануға, ұйықтамас бұрын ісін кейінге қалдыруға және өзін-өзі бақылауға бейімділік деңгейін бағалау керек болды.

Нәтижесінде, болашағын ойлайтын адамдар өзін бақылай алатыны анықталған. Одан бөлек, олар  ұйықтар алдында қандай да бір жұмысын кейінге қалдыру ықтималдығы аз болып шыққан. 

Авторлардың сөзінше, болашағын ойлайтын адамдар ұйқының денсаулыққа әсерін жақсы түсінеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина