Тұрмыстық зорлық-зомбылық қандай отбасыларда көп болатыны айтылды

Қазақстандық қоғамдық даму институты тұрмыстық зорлық-зомбылық таралуының негізгі себептерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеуге сәйкес, респонденттер тұрмыстық зорлық-зомбылық таралуының негізгі себептері ретінде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларды, жұмыссыздықты, тұрмыс деңгейінің төмендігін, сондай-ақ зиянды әдеттерді (маскүнемдік, нашақорлық, құмар ойындар) жиі атаған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеудің нәтижелерінен де әлеуметтік-экономикалық жағдай мен тұрмыстық зорлық-зомбылық арасында байланыс барын байқаймыз. Мысалы, аз қамтылған отбасыларда зорлық-зомбылық факторлары жиі кездеседі. 

Зерттеу тек әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бағытталған, сондықтан басқа топтар біздің назарымыздан тыс қалғандығын айта кетейік.

Айта кетейік, сауалнамаға 1000 адам қатысқан. Cауалнама 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада жүргізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!