2023 жылы зейнетақы жинағындағы жеткілікті шек қанша болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәнін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда жеткіліктіліктің жаңа шегі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 2023 жылға арналған шек жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды.

"Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі.

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңге, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болады деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді", - деп атап өтті БЖЗҚ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!