КамАЗ-ды айдап әкетіп, сарбазды мерт қылған: қаңтар оқиғасына қатысқан адам сотталды

КамАЗ-ды айдап әкетіп, сарбазды мерт қылған: қаңтар оқиғасына қатысқан адам сотталды

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде тәртіп сақшыларына КамАЗ-ды қарсы қолданған ер адам 17 жылға сотталды. Бұл оқиға салдарынан Ұлттық ұланның 19 жастағы сарбазы қайтыс болған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, әскери қызметшінің өміріне қол сұғушылық жасағаны, сондай-ақ терроризм актісі үшін айыпталушы К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2022 жылдың 5 қаңтарында сотталушы К. сауда орталығының алдындағы тәртіпсіздіктерге қатысып, әскери қызметші Т.-ға күш көрсетіп, әскери КамАЗ-ды басып алды.

Сотта прокурор айыпталушыны 20 жыл бас бостандығынан айыруды, ал жәбірленушінің өкілдері күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушының адвокаттары оны ақтауды сұраған. Сот айыпталушыны 17 жылға бас бостандығынан  айыру жазасын тағайындады. Алайда күдікті терроризм акті бойынша ақталып шықты. 

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина