"35 миллиард теңге". Тимур Құлыбаев өзіне дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

"35 миллиард теңге". Тимур Құлыбаев өзіне дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады
Фото: Тұрар Қазанғапов

"Каспий нефть" АҚ-ның акционері Тимур Құлыбаев өзіне 35,6 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ "Каспий мұнай" АҚ мынаны хабарлайды: 

Қоғамның Жалғыз акционерінің 2022 жылғы 21 қарашадағы шешіміне сәйкес,
Қоғамның Жалғыз акционеріне жай акциялар бойынша 35 600 000 000 теңге сомасында дивидендтер төленді:

дивидендтер төленетін кезең: 2022 жылғы 3 тоқсан.                                        

қоғамның 1 (бір) жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері: 356 000 теңге.                                                                   

дивидендтерді төлеу күні: 2022 жылғы 24 қараша.                                            

қоғамның бағалы қағаз иелерінің тізімін тіркеу күні мен уақыты: 23 тамыз", - делінген құжатта. 

Kase сайтының мәліметінше, Joint Resources АҚ "Каспий Мұнайдың" тікелей 100 пайыз акционері, ал Құлыбаев - осы компанияның тізбек бойынша акционері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек