Алматыдағы ақылы паркинг экс-директорларына қатысты тергеу аяқталды

Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті 436 миллион теңге қаражатты ұрлау дерегі бойынша AlanParking ЖШС директоры Мұхтар Базарбаевқа және Алматы спецтехпаркинг сервис ЖШС директоры Марат Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соталды тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қылмыстың негізгі сотталушы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаев халықаралық іздеуге жарияланды.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне "Алматы Спецтехпаркинг Сервис" ЖШС 70 пайыз үлесін және AlanParking ЖШС 100 пайыз үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!