Зейнетақы жинағын пайдалану шегі төмендей ме? Министр жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегін төмендету мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі анықталды, соған сәйкес азаматтар бұл қаражатты тұрғын үй алуға немесе емделуге пайдаланды.

Бізде бұл мәселемен Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз осы жұмыс тобы аясында қарастыратын шығармыз", - деді Дүйсенова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!