Өскемендегі ЖЭО-да қазандық істен шықты: жылу әлсіз беріліп жатыр

Өскемендегі жылу электр орталығында жабдық істен шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда кейінгі бірнеше күнде аяз күшейді. Өскеменнің ЖЭО-сы аязға шыдамайды.

Бір күн бұрын датчиктерден шыққан ақауға байланысты №15 қазандық сөніп қалды. Оны 1,5 сағаттан кейін қайта іске қосқан. Бірақ желі суының айналуында қиындықтар бар. Суықтың салдарынан су мың тоннаға артқан. Бұл қала тұрғындарының батареяларындағы температураның төмендеуіне әсер етті, олар әлеуметтік желілерде шағымданып жатыр.

Қазір станция жөндеу бригадаларының санын көбейтті. Жеті қазандық пен алты турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бүгін Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.

Қала тұрғыны "бәрі ЖЭО-дағы жағдайды білгенін, бірақ ештеңе істемегенін, қала толығымен жылусыз қалғанын" айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!