Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды

Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, тәртіп сақшылары Байдалы ауылының маңында жол үстінен жараланған құсты байқап, тоқтап, өздерімен бірге алып кетеді.

"Сыртта -30 градус аяз. Құсты қызметтік көліктің салонына кіргізіп, оны жылыту үшін үстінен күпәйке жауып қойдық. Содан кейін орманшыларға хабар бердік", - деді полиция аға лейтенанты Қасым Қабдрашитов.

Павлодар қаласының Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары құстың Қызыл кітапқа енген субүркіт-аққұйрық екенін әрі оның қанатының жараланғанын анықтаған.

"Орманшылар құсты қабылдап, орман шаруашылығына жеткізді. Онда олар құсты тексеріп, ем тағайындады", - деді полиция капитаны Аманай Әубәкіров.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова