Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды

Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды

Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына сілтеме жасап.

"Елордада 28 қарашада сағат 18:40-та "Газовик" ЖШС-ның құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан "Көктал-1" ауданында газ беру қызметі толығымен тоқтатылды. Зақымданған газ құбыры ГРПШ-14,15,16-ны табиғи газбен қамтамасыз ететін. 236 абонент газсыз отыр. Апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қызметі қайта қалпына келтірілетін болады", - делінген компания хабарламасында.

Компания зардап шеккен аудан тұрғындарынан апаттық кранды жабуды сұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова