Аяз, көктайғақ. 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Аяз, көктайғақ. 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК-сы 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен күн ашық, алайда аяз болады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.

ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кейде тіпті одан да жоғары болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова