Диетолог қара өріктің пайдасы мен зияны туралы айтты

Қара өрік - кептірілген жемістердің бір түрі. Оның адам ағзасына пайдалы қасиеті көп. Алайда дәрігерлер оны барлығына жей беруге болмайтынын айтады. Диетолог Гүлшат Сираева қара өріктің пайдасы мен кімге жеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.

Қара өрікті кімге жеуге болмайды?

Кептірілген жемістерді асқазан проблемаларынан зардап шегетін, әсіресе ауруы асқынған адамдарға жеуге болмайды. Сондай-ақ, қандай да бір кептірілген жеміске аллергиясы барларға тыйым салынған.

Қара өрікті күн сайын жеуге бола ма?

Бұл өнімді күнде жеуге болады. Бірақ оған құмар болып кетпеу керек. Әсіресе қара өріктің ас қорытуға және қандағы қант деңгейіне әсер ететінін есте сақтаған жөн. Күніне 10 данадан артық жемеуге ұсынылады. Бұл іштің ауырсынуы немесе диареяға әкелуі мүмкін. Қант диабетімен ауыратындар абай болу керек - оның құрамында қант көп.

Қара өріктің денсаулыққа 7 пайдасы

Бұл дәмді және пайдалы жеміс адам ағзасына жан-жақты әсер етеді:

  • Қара өрік іш қатуының алдын алады. Ол үшін кептірілген жемістерді қайнатып ішу керек.
  • Бұдан басқа, қара өрік денеден артық сұйықтықтан арылуға көмектеседі. 
  • Егер сіз үнемі қара өрік жесеңіз, инфаркт пен инсульт қаупі азаяды. 
  • Витаминдер мен микроэлементтер тері өңін жақсартуға, жасартуға және қартаюдың алғашқы белгілерімен күресуге көмектеседі.
  • Ішек қатерлі ісігінің алдын алады. 
  • Ол суық тию және бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі.
  • Құрамында К дәрумені, магний, фосфор және калий болғандықтан, қара өрікті пайдалану сүйектерді нығайтуға көмектеседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!