Үкіметте Екібастұздағы ТЖ-ға байланысты тапсырма берілді

Үкіметте Екібастұздағы ТЖ-ға байланысты тапсырма берілді

Үкіметте Екібастұздағы жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 қарашада сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.

Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс биыл наурызда құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.

"Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме теміржол жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме теміржол жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және теміржол секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және тағы басқасы бар", - делінген Үкімет хабарламасында. 

@massaget.kz #екібастұз#экибастуз#төтеншежағдай#аяз#тж#суық#қыс#салқын#зима#мороз#рек#новости#жаңалық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Еске салайық, бүгін Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. 

Қала тұрғыны "бәрі ЖЭО-дағы жағдайды білгенін, бірақ ештеңе істемегенін, қала толығымен жылусыз қалғанын" айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина