"Рианнаға да ұнаған". Қарағандылық тұрғын танымал америкалық әншіге проморолик жасап берді

"Рианнаға да ұнаған". Қарағандылық тұрғын танымал америкалық әншіге проморолик жасап берді

Қарағандылық монтаждау редакторы және саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев R&B және поп-музыка орындаушысы Рианнаның промороликтерін жасады. Оның жұмыс нәтижесі тапсырыс беруші BRTHR студиясына ғана емес, әншінің өзіне де ұнаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Әділхан Дүйсембаевтың бұл салада жүргеніне 10 жылдай болған. Ол фото және видео түсірумен, сондай-ақ монтаждаумен айналысады. Snipes және Levi's сияқты танымал брендтермен жұмыс істеген. Биыл қазақстандық брейкдансер Николай Черников туралы деректі фильм түсірген. 

Рианнаға арналған бейнелерді монтаждау тапсырысы Әділханға шоу-бизнес жұлдыздарымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан BRTHR студиясынан түскен. 

"Мен Savage x Fenty Show үшін промороликтермен жұмыс істедім - бұл Рианна брендінің жыл сайынғы сән көрсетілімі туралы арнайы америкалық телевизиялық шығарылым. BRTHR студиясының режиссерінен тапсырма алдым және іс-әрекетіме олар толық еркіндік берді. Таңертеңнен кешке дейін екі апта бойы жұмысты уақытында аяқтау үшін үйден шықпай еңбек еттім. Бұл Рианнаға арналған екінші бейнеролик. Сондай-ақ, мен осы жобаға арналған жарнамалық роликті монтаждадым. Оның қалай шыққанын менің Instagram-парақшамнан көруге болады", - дейді Әділхан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адильхан Дюсембаев (@urbanfocus93)

Әділханның айтуынша, ол алдымен фотоға, содан кейін бейне түсіруге қызығушылық танытқан. Басқалардың не істеп жатқанын көп қарап, осы саладағы әуесқойлармен және мамандармен сөйлескен. Америкалық рэпер ScHoolboy Q-дің Мәскеудегі концертінің түсірілімі оның кәсіби өміріндегі бетбұрыс болған.

"Бұл екі жыл бұрын болған. ScHoolboy Q - менің кумирім. Мен оның концертіне билет сатып алдым және аккредиттелмеген болсам да, түсіруге бардым. Ұйымдастырушылардың бірі Қарағандыдан келді. Ол мені ScHoolboy Q-мен таныстырды. Музыкант мұны көргенде, мені өзінің сторизіне қосты, онда бізді оның 5 миллионға жуық жанкүйерлері көрді. Содан кейін мен концертте түсірген бейнеролигімді Instagram-да жарияладым. Ол 15 мыңға жуық қаралым жинады. Менің ойымша, олар мені сол кезде байқады. Қазір интернеттің көмегімен бүкіл әлемге мәлімдеме жасауға мүмкіндік бар. Тек өз ісіңе сеніп, оны сүю керек", - дейді Әділхан.

Айта кетейік, Әділхан жасаған роликті америкалық әншінің өзі де Instagram-парақшасында бөліскен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от badgalriri (@badgalriri)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина