III Чарльз Букингем сарайында мына тағамды жеуге тыйым салды

III Чарльз Букингем сарайында мына тағамды жеуге тыйым салды

Ұлыбритания королі III Чарльз монархия жанкүйерлері мен жануарларды қорғаушылар тарапынан жоғары бағаланған бұйрық шығарды.

Бұдан былай барлық корольдік резиденцияларда фуа гра ұсынуға қатаң тыйым салынады. Монарх бірнеше рет көпшілік алдында бұған тыйым салуды жақтап, бұрын саяхат кезінде оны менюден  алып тастап жүрген. Бұл өнімді өндіру процесі құстарға деген қатыгездік  деп саналады. 

Жануарларды қорғау ұйымы алғыс белгісі ретінде патшаға дәмі дәстүрлі тағаммен бірдей атақты паштеттің вегетариандық нұсқасының себетін жіберді. 

Әлеуметтік желіде қолданушылар патшаның шешімін құптады.

 

А. Оралқызы