Тұман, көктайғақ, аяз: Бүгінгі ауа райы болжамы

Тұман, көктайғақ, аяз: Бүгінгі ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан, бүгін күн ашық және аязды болады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне орай республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшеюі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова