Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы болып қайта тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы болып қайта тағайындалды
Фото: akorda.kz

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мұрат Нұртілеу бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда тағайындалған еді.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998).

1998-2007 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;

2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;

2011-2014 жылдары. - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;

2014-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;

2019-2021 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі;

2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек