Сенат депутаттарын сайлау. Тоқаев бірнеше Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мынадай Жарлықтара қол қойды: 

  • "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы";
  • "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы".

Еске салайық, бүгін Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығын айтып, сайлауға әділ және ашық болды деген баға берген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!