WhatsApp-та ерекше функция пайда болады

Жақында WhatsApp-та дыбыстық хабарламаларды статус ретінде жариялауға болатын функция пайда болады. Бұған дейін Android жүйесінде де осыған ұқсас функция сынақтан өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Енді функцияның iOS-қа арналған кейінгі бета-нұсқасында пайда болады. Статус ретінде ұзақтығы 30 секундқа дейінгі дыбыстық жазбаларды жіберуге болады.

WABetaInfo порталының мәліметінше, дыбыс статусын мәтінмен де толықтыруға болады.

Қазір статусқа тек суреттер мен видеоларды жүктеуге болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!