Ақтөбеде кәмелетке толмағандар дүкенге қарақшылық шабуыл жасады

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қарашада сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әмиян алып кеткен.

Полиция мәліметінше, қылмыскерлердің фотороботы жасалған. Күдіктілер ұсталды, кейін олардың  кәмелетке толмағаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!