Не, қайда, қашан? Демалыста баруға болатын жерлер

Не, қайда, қашан? Демалыста баруға болатын жерлер
Фото: Тұрар Қазанғапов

Күн салқындап, қыс жақындағанын сездіріп жатыр. Алайда демалысты сәтті, қызық өткізгісі келетіндерге бұл сылтау емес. Massaget.kz тілшісі демалыста қыдырып баруға болатын жерлерге шолу жасады.

Ауа райы қандай болады?

Болжамға сәйкес, 24 қарашада елдің батысына, 24-26 қарашада солтүстік және шығыс аймақтарына Самара облысынан ауысатын циклон әсер етеді. Сондықтан ел аумағында қар жауады деп күтіледі. Ал батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада елдің шығысында қатты қар жауады. Республика бойынша жел тұрып, тұман түсіп, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады.

"Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклон ауысуына байланысты республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Театр: не, қайда, қашан?

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 25 қарашада сағат 18:30-да "Абайдың жұмбағы", 26 қарашада сағат 18:30-да "Бес бойдаққа бір той", 27 қарашада сағат 18:30-да "Тендерге түскен келіншек" спектакльдері қойылады. Мекенжайы: Абай даңғылы, 103. Кіру құны 500 теңгеден басталады.

Ал Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25 қарашада сағат 18:30-да "Баянсыз бақ", 26 қарашада сағат 18:30-да "№13", 27 қарашада сағат 15:00-де "Қызыл орамалды шынарым" спектакльдері қойылады. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 38. Кіру құны 600 теңгеден басталады.

Мастер-класстар: не, қайда, қашан?

Демалыста мүлде басқа бағыттағы нәрсемен айналысып, уақытын қызық өткізгісі келетіндерге арналған мастер-кластар бар. Мәселен, 26 қарашада сағат 11:00 - 13:00 аралығында гүл шоқтарын жинау бойынша мастер-класс өтеді. Орналасқан жері: MFS Asia флористика мектебі, Сәтбаев көшесі, 7а/3. Кіру құны - 12 000 теңге.

Таудағы демалыс: қашан, қалай?

Алматыда демалыс күндері баратын табиғаттағы нысан өте көп. Ақылы қызмет көрсететін турлар арнайы орындардан бөлек, атпен серуен, көпшілікпен бірге тауға шығу секілді ерекше демалыс түрлерін де ұсынады. Күн суытса да, мұндай турлар бұл қызметті әлі тоқтатпаған. Сондықтан демалыста осындай белсенді демалысты қаласаңыз, Instagram көмекке келеді. Әр тур бірнеше күн бұрын бағыттарды, уақыты мен ақысын жариялайды.

Концерт, Stand Up: қашан, қайда?

Қалада бүгіннен бастап түрлі концерттер болады. Мысалы, бүгін сағат 20:00-де Xcho есімді әншінің концерті өтеді. Өтетін орны: Абай даңғылы, 44. Кіру құны 8000 теңгеден басталады. Сондай-ақ, бүгін Нұрлан Сабуровтың жеке стенд-ап кеші өтеді. Кіру құны - 20 000 - 25 000 теңге аралығында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова