WhatsApp-та ерекше функция пайда болды

WhatsApp-та ерекше функция пайда болды

WhatsApp қолданушыларына сауалнама құру мүмкіндігі қолжетімді болды, - деп хабарлайды gizmochina.com.

Басылым мәліметінше, бұл мүмкіндік Android және iOS операциялық жүйелері бар гаджеттердегі барлық WhatsApp қолданушысына қолжетімді. Жаңа опцияны пайдалану үшін тіркеме түймесін таңдап, содан кейін сауалнама мәзірінен табу керек. 

Сауалнамаға екіден 12-ге дейін жауап нұсқаларын қосуға болады, әр сауалнамада бір жауапты да, бірнешеуін де таңдауға болады. Сонымен қатар, қолданушылар шешімдерін өзгертіп, дауыс бере алады.

Айта кетейік, бұл опция бұрын қолданбаның бетанұсқаларында қолжетімді болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова