Төреғалидің қарындасы жасауына келген ыдысы қанша тұратынын айтты

Жақында әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі ұзатылған болатын. Ол Желіде жасауына келген ыдыс-аяғы қанша тұратынын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің сөзінше, жасауға келген ыдыс-аяғы Zepter фирмасынан алынған.

"Мама екеуміз жуып, сүртіп, әкеліп қойдық. Әдемілік. Осыны бұрын таңдағанмын, осы түрі қатты ұнады, алтын түстес. 12 адамдық", - деген ол Желіде.

Ал кейінірек оқырмандарының бірі ыдыс-аяғы қанша екенін сұраған.

"2,5 миллион", - деп жауап берген ол.

Еске салайық, бұған дейін Төреғалидың қарындасы үйлену тойы қалай өткенін көрсеткен болатын. Сондай-ақ, қалыңмалы туралы да айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!