Шымкентте көлік жүргізіп жүрген әже жұртты күлдірді

Шымкентте көлік жүргізіп жүрген әже жұртты күлдірді
Фото: TikTok

Желіде көлік тізгіндеген әженің видеосы тарады. Бұл көрініс көпшілікті тәнті еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та тараған видео 500 мыңдай қаралым жинаған. Ал кадрдағы көріністерден бұл оқиға Шымкентте түсірілгені байқалады.

"Осыдан кейін рөлге отырмасам ұят болады", - делінген видеода.

@smbtprmbk

♬ ayau sybyrlaiyn speed up version - nara

Желі қолданушылары әженің бұл әрекетіне сүйсініп, жылы лебіздерін жазған.

"Мен де көлік алам дегенше, өстіп апам сияқты отыратын шығармын", "Апа молодец", "Мотивация болды маған", "Мәә саған", "Апа мықты", "Фатима апа ғой, жоғарғы сападағы шай сатады Шымкентте", "Әже крутая!" - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова