Мақпал Жүнісова Алматы әкімінен пәтер сұрап, жылап қайтқанын айтты

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Мақпал Жүнісова Жұлдыз FM-нің "Кешкі шоу" бағдарламасының қонағы болды. Ол бағдарлама барысында күтпеген оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтан пәтер сұраған. 

"Байлығым болса бәріне берер едім. Баяғыда Сағынтаев мырза әкім болып отырған кезде пәтер сұрап бардым. Жылатып жіберді. Берген жоқ. "Қарағым, бара ғой" деді. Жылап-жылап үйге келдім", - деп жауап берген әнші. 

Әнші таяуда көзіне операция жасатқанын да айтып берді. Сондықтан, ол қазіргі уақытта көп концерттерге қатыса алмайды екен. Өйткені көзге қатты жарық түсіруге болмайды. Өнер иесі радио тыңдармандарымен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, сұхбаттасты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!