"Ауыр дертпен қасқайып күресті, бірақ әйелінің опасыздығын жеңе алмады". Тағдыры жұртты жылатқан әнші

Желіде түрік әншісінің танымал әнінің шығу тарихы туралы ақпарат тарап жатыр. TikTok-тағы ақпаратқа сүйенсек, қатерлі ісікке шалдыққан әнші әйелінің опасыздығын біледі. Massaget.kz тілшісі осы әннің тарихына, әншінің оқиғасына шолу жасады.

@oliviaaustin00 #göğebakan#vurgunum##bensanayandım#bensanayandımbensanakandım ♬ Beat Automotivo Tan Tan Tan Viral - WZ Beat
@ayash_01 #pufferfish #viral ♬ Vurgunum - Murat Göğebakan

Әннің орындаушысы кім?

Желіде жұртты жылатқан әннің орындаушысы - Мұрат Гегебакан. Ол Түркияда, Аданада 1968 жылы дүниеге келген. Әнші Чукуров университетінде оқыған. Осы жерде оқып жүріп, гитарада ойнауды үйрене бастаған. 

www.cumhuriyet.com.tr

Ол арманын жүзеге асырғысы келіп, альбом шығарады. 1996 жылы Ben sana Aşık Oldum ("Мен саған ғашық болдым") альбомы шыққан. Альбом өте сәтті шығып, KRAL TV марапаттарына ие болған. Ол Семей Бекмезмен шаңырақ көтерген. Оның Бюлент есімді ұлы бар. Ал 2010 жылы Мұрат қатерлі ісікке шалдығады. Бірақ әйгілі әнші өнерден бас тартпай, жаңа альбом шығарды. Ол тіпті қазіргі Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Uzun Adam атты ән жазған, ал ән сайлауда қолданылған.

Ән туралы

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Мұрат Гегебакан ұзақ уақыт бойы ауыр аурумен күрескен, бірақ ол әйелін ессіз жақсы көрген. Алайда оның опасыздығынан кейін емделуден бас тартқан. Өмірінің соңғы минутына дейін ол әйеліне деген сүйіспеншілігін айтып кеткен.

@xgwxx__m Аж плакать хочется..#elbruso #rek #fyp #muratgöğebakan #vurgunum ♬ orijinal ses - ????̇ ????

www.takvim.com.tr

@alihan11704 Мурат Гегебакан долго боролся с тяжёлой болезнью, и безумно любил свою жену. Но после ее измены, множество попыток сохранить брак, бросил лечение. До последней минуты свой жизни говорил о любви к жене ? #muratgöğebakan #vurgunum ♬ Vurgunum - Murat Göğebakan 
@ibragimovaa_a0 #рек #мек#пекиблины #муратгёгебакан ♬ orijinal ses - Qurban Qurbanzade ?️

Cumhuriyet.com.tr мәліметінше, 2013 жылы ауруы қайталанып, ол 2014 жылғы 31 шілдеде 45 жасында өмірден озған. Ал ағасы Мелих Гегебакан 2011 жылы әншінің ажырасуы, әйелінің опасыздығы қатерлі ісігінің қайталануына әсер еткенін айтқан. Әншінің анасына да ұлының осы қайғыдан емделуден бас тартқанын жеткізген.

www.cumhuriyet.com.tr/

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!