Facebook қолданушылардың жеке профильдерін бақылайтыны рас па?

Facebook қолданушылардың жеке профильдерін бақылайтыны рас па?
Фото: getautoma.com

Kaznet Facebook әлеуметтік желісінің өкілдері адамдардың жеке профилін бақылауға және діни немесе саяси сипаттағы кез келген сілтемелерді жоюға ниетті екенін мәлімдеді деп жазады. Бұл жалған.

Шындығында, Facebook-ке иелік ететін Meta мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. 16 қарашада компания  пайдаланушы профильдерінің өмірбаяндық бөлімдерінен шынымен де бірнеше жолы алынып тасталатынын хабарлады, бірақ бақылау туралы әңгіме болған жоқ.

2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Facebook профильдерінен «Қызығушылықтар», «Мекенжай», «Саяси көзқарастар» және «Діни көзқарастар» сияқты бөлімдер жойылады. Бұл туралы алғаш рет компанияның әлеуметтік желі бойынша кеңесшісі Мэтт Наварра хабарлады.

Метаның айтуынша, бұл өзгеріс «ешкімнің өзі туралы бұл ақпаратты Facebook-тің басқа кез келген жерінде бөлісу мүмкіндігіне әсер етпейді».

Осылайша, Facebook профильдердің өмірбаяндық бөлімдеріндегі өзгерістерді ғана жариялады және пайдаланушылардың аккаунттарын бақылау немесе олар жариялаған саясат немесе дін туралы ақпаратты жою ниетін жарияламады. 

А. Оралқызы