Павлодардағы қызық жайт: қалада Тордың балтасын ұстап жүрген тұрғын тексерілді

Павлодардағы қызық жайт: қалада Тордың балтасын ұстап жүрген тұрғын тексерілді
Фото: polisia.kz

Павлодар көшелерінің бірінде қызық оқиға болды. Қолына ерекше балта алып жүрген ер адам қала полицейлерінің назарына ілікті, - деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар көшесін тексеріп жүрген полицейлер қызық кейіпкерді кездестірді.

"Тексеріс кезінде Кривенко көшесімен келе жатқан жас жігітке назар аудардық. Оның қолында балта тәрізді зат болды. Әріптесім екеуміз оны тоқтатып, балта туралы сұрап, оның кім екенін анықтадық. Ол 30 жастағы павлодарлық болып шықты. Оның айтуынша, ол бұл балғаны интернет-дүкеннен сатып алып, оны аксессуар ретінде пайдаланған", - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Рамазан Сағындықов.

Полицейлер жігітпен заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы cөйлесіп, оны босатқан. Өйткені мамандардың қорытындысы бойынша бұл суық қару емес, киімге арналған аксессуар екені анықталған.

Айта кетейік, ТОР - Marvel Comics комикстерінің батыл қаһарманы. Кейіпкер неміс-скандинав мифологиясындағы Найзағай құдайының бейнесіне негізделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова