"Өз аяғымен жүреді, ақыл-есі түзу". Ербосынұлының командасы мәлімдеме жасады

"Өз аяғымен жүреді, ақыл-есі түзу". Ербосынұлының командасы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының ісін жүргізетін Suleimen Promotions компаниясы спортшының денсаулығы едәуір жақсарып, өз бетінше қозғала да алатын деңгейге жеткенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Боксшымыз айтарлықтай жақсарды. Ол өз аяғымен жүреді, психикасы да жақсы күйде. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап береді. Мамандардың сөзінше, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті ол жақын арада ауруханадан шығып, Отанына қайтатын сияқты. Айдостың жұбайы да АҚШ-та, оның қасында. Әрине, бұл ол үшін үлкен демеу", - дейді промоутерлік компания өкілдері. 

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған "миына қан кету" диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова