Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астанадағы "Қаһарман" тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 бойындағы "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде өрт шықты, өрттің шығуына кеңейту желісіндегі апаттық операцияның пайда болуы, соның салдарынан электр сымдары тұтануы себеп болған", - делінген хабарламада.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр желілері мен розеткаларды қалыпты жағдайда ұстауға баса назар аударуды ұсынады.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өртсөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырды.

Астанада көпқабатты үйде алапат өрт шықты

Құтқарушы Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова