"10 жыл құлдықта болдым". Полицейлер Желіде көмек сұраған ер адамды тапты

"10 жыл құлдықта болдым". Полицейлер Желіде көмек сұраған ер адамды тапты

Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желіде көп жыл еңбек құлдығында болғанын айтып, халықтан көмек сұраған ер адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 қарашада әлеуметтік желіде 10 жыл Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамның видеосы тарады. Полицейлер видеоның авторы Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Ер адам өзінің және отбасы мүшелерінің құжаттарын жұмыс беруші заңсыз иемденгенін айтады.

"Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни, шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында, өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексеріліп жатыр", - деді облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полицейлердің айтуынша, ер адам мен қызына көмек көрсетілген. Тергеу барысында олар Талдықорған өңірлік "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, осы іс бойынша барлық тергеу әрекеттері Облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова