Талдықорғанда жұрттың 35 миллион теңгесін алдап алып қойған әйел ұсталды

Талдықорғанда жұрттың 35 миллион теңгесін алдап алып қойған әйел ұсталды
Фото: ©Polisia.kz

Бұрын сотты болған әйел талдықорғандықтардың 35 миллион теңгесін алып қойған, - деп хабарлайды Polisia.kz 

2021-2022 жылдары Талдықорғанда тіркелген ірі алаяқтық дерек бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Қылмыстық іс материалдары бойынша күдіктінің бұдан бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны және 28 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.

Кәсіпкер әйел талдықорғандықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуді ұсынған. Ол тұрғындарға қала әкімдігінде байланысы бар екенін айтқан. Тергеу барысында күдіктінің қандай да бір тұрғын үй комиссияларының құрамына кірмейтіні және мемлекеттік органның қызметкері емес екені анықталды.

"Күдікті 14 рет қылмыс жасағаны анықталды. Жәбірленушілердің жалпы залалы - 35 миллион 580 мың теңге. Әйел Талдықорған тергеу изоляторында қамауда, – деді Талдықорған қаласының ПБ тергеушісі Ілияс Алдабергенов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек