Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы міндетін атқарады

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы міндетін атқарады. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Айта кетейік, Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы үш жылдық қызметін аяқтайды. Оған адал жұмысы үшін алғыс айтамын. 2023 жылдың басынан бастап таяудағы үш жылда ҰҚШҰ бас хатшысының міндеттерін Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқаратындықтан, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы орынды деп санаса, оны бізге ұсынса, ақталады деп ойлаймын", - деді Никол Пашинян Еревандағы ҰҚШҰ сессиясында.

Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 

1979 жылы Оралда А.С. Пушкин атындағы педагогика институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.

1981-1991 жылдары КОКП ОК-ның мүшесі, 1990-91 жылдары Қазақстан Компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1979 жылы Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды.

1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.

1993 жылы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап Қазақстанның вице-премьері, Білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысы әкімі, Қазақстан Премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

2004-2008 жылдары Алматы әкімі болды.

2008 жылы Астана әкімі болып тағайындалды.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, "Мәдени мұра" атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик Әлкей Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!