"Мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдарымыз" деп алдағандар әшкереленді

"Мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдарымыз" деп алдағандар әшкереленді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтарды әшкереледі. Олар мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдарындай көрініп, азаматтарды алдап, әртүрлі мәселенің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшасын ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, топ мүшелерінің бірі Әбдікерімов сот санкциясымен қамауға алынған. Ал тағы бір топ мүшесі Тұрановтан "Халықаралық полиция орталығы" (Interpol Center UN) генерал-майорының куәлігі тәркіленген.

Қазір қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова