АҚШ-та азық-түлік дүкенінде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

АҚШ-та азық-түлік дүкенінде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты
Фото: twitter

Walmart-тағы атыс кезінде онға жуық адам қаза тапты, оқ атқан адам қайтыс болды деп болжануда, полиция департамент қызметкерлері оқ атпағанын атап өтті. Куәгерлердің бірі қаскүнемнің дүкен меңгерушісі екенін айтты.

Полицейлер дүкенге АҚШ-тың шығыс уақыты бойынша 22:12 (келесі күні 06:12) шамасында жетті. Атыс дүкен ішінде болды, бірақ оқ тигендер дүкен сыртынан да табылды. Оқ атқан адам жалғыз болған. Атқан адамның өлімі туралы қала билігі Twitter-де де хабарлады. Дүкен менеджерлерінің бірі оқ жаудырған, деп жазады The Daily Beast өзін Walmart қызметкерімін деп атаған Кевин Харперге сілтеме жасап. Дүкенге 40-тан астам жедел жәрдем барған. 

Вирджиния штатының сенаторы Луиза Лукас: «Елімізде көптеген адамдардың өмірін қиған қарулы зорлық-зомбылық эпидемиясын тоқтатудың шешімдерін таппайынша мен тыныштық таппаспын», - деді.

А. Оралқызы