Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 24 қарашада елдің батысына, 24-26 қарашада солтүстік және шығыс аймақтарына Самара облысынан ауысатын циклон әсер етеді. Сондықтан ел аумағында қар жауады деп күтіледі. Ал батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада елдің шығысында қатты қар жауады. Республика бойынша жел тұрып, тұман түсіп, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады.

"Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклон ауысуына байланысты республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова