Қазақстанның кей өңірлерінде сүт өнімдері 40 пайызға қымбаттап кеткен

Қазақстанның кей өңірлерінде сүт өнімдері 40 пайызға қымбаттап кеткен
Фото: pixabay.com

Биылғы қазанның қорытындысы бойынша елімізде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 28,2 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

Басылымның мәліметінше, сүт 28,3 пайызға, консервідегі сүт 39,2 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 29,2 пайызға қымбаттаған. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 36,5 пайызға, айран 19,7 пайызға, қаймақ 33,6 пайызға, сүзбе 14,8 пайызға, қатты ірімшік 31,4 пайызға қымбаттады.

Өңірлерде сүт өнімдері бағасының өсуін Маңғыстау облысының тұрғындары қатты сезген:сүт өнімдері бір жылда 42,2 пайызға қымбаттаған. 

Биыл қаңтар-қазан аралығында сүт өнімдерін өндіру 396 миллиард теңгеге жеткен, бұл былтырмен салыстырғанда 15,8 пайызға өскен.

Қатты күйдегі сүт өндірісі бір жылда 16,3 пайызға, 6,8 мың тоннаға, қымыз 6,7 пайызға, 1,3 мың тоннаға дейін өскен.

Биыл қаңтар-тамыз аралығындағы қорытынды бойынша, өңделген сүт пен кілегейге сұраныс 96 пайыз болған. Осы кезеңде елімізде 373,4 мың тонна өнім өндірілсе, импорт - 15,6 мың тонна. Оның 10,1 мың тоннасы экспортқа шығарылса, қалған 378,8 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек