Күтпеген жаңалық: қазақстандықтарға қойылған ерекше есімдер белгілі болды

Қазақстанда ең ерекше есімдер "Тақтар ойыны" сериалынан алынған болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елімізде танымал сериалдардағы кейіпкерлердің есімін алған ондаған адам бар. Соның ішінде "Тақтар ойыны" сериалы алдыңғы орында тұр. Өйткені Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, елімізде 43 Арья және төрт Дейнерис есімі тіркелген. Ал "Мұз бен жалын әні" цикліндегі кейіпкерлерден Теон мен Бран деген есімдер алынған.

Қазақстанда қызық әрі ерекше қойылған есімдер легі мұнымен бітпейді. Мысалы, елімізде Леголас пен Саурон ("Сақиналар әміршісі" кейіпкерлері) есімдері қойылған адамдар да бар. Сонымен қатар, 278 қыз "Жұлдызды соғыстар" фильміндегі Лея есімімен аталады. Сондай-ақ, екі адамға Соло, бір адамға Люк есімі қойылған және Энакин есімді де адам бар.

Қазақстандықтар арасында грек мифологиясының кейіпкерлерінің есімімен аталғандар да бар. Мысалы, елімізде бір Геркулес пен бір Зевс есімі тіркелген. Ал Гера құдайының есімімен 26 қыз бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!