WhatsApp-тағы топқа қосылғандар 13 миллион теңгесінен айырылды

WhatsApp-тағы топқа қосылғандар 13 миллион теңгесінен айырылды

Ақтауда мессенджер арқылы халықты алдаған алаяқ әйел ұсталды. Полицияға арызданған алты адам 13 миллион теңгеден айырылғанын мәлімдеді, - деп хабарлады Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, күдікті WhatsApp-та бірнеше топ ашып, біраз адамды қосып, ақша салсаңыз, көбейтіп беремін деген уәде еткен.

"Ақтау полициясына алты жәбірленуші алаяқтың әрекетінен зардап шеккенін айтып, арызданған. Алаяқ олардан 13 миллионнан аса теңге алып, алдап кеткен", - делінген хабарламада.

Криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы әйелді ұстады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова