Министр Қазақстанда сұранысқа ие болатын 5 мамандықты атады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрдің сөзінше, болашақта сұранысқа ие болатын негізгі мамандықтар мыналар: инженерлер, ұстаздар, медицина қызметкерлері, көлік және тасымалдау мамандары, ауылшаруашылық саласының мамандары.

"Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледждерде оқытылады. 4 000-нан астам студент жаңа мамандықтар бойынша дәріс алып жатыр. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді. enbek.kz/atlas сайтында орналасқан "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді Саясат Нұрбек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!