Қазақстандықтар көбіне қандай аурулардан қайтыс болатыны анықталды

ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанның ауылдарында жалпы өлім-жітім деңгейінің төмендегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, ресми статистика бойынша, халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім 9 ай ішінде 28,5 пайызға төмендеген. 

"Ауыл тұрғындарының денсаулығын талдау бойынша, бірінші орында тыныс алу органдары ауруларынан 42,7 пайыз адам зардап шегеді (2021 жылы - 100 мың халыққа 17164,4), ас қорыту ауруларынан 9 пайыз адам зардап шегеді (2021 жылы - 3626,6)",  - деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметінше, бүгінде ауылда шамамен 8 миллион адам тұрады, бұл республика халқының шамамен 41 пайызы. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан аса медициналық ұйым қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, арнайы жылжымалы кешендер, медициналық пойыздар және санитария авиациясы қолданылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!