Китведегі құбыжық. Желіде адамшошырлық құбылыстың видеосы тарады

Китведегі құбыжық. Желіде адамшошырлық құбылыстың видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде аспанда түсініксіз құбыжық пайда болғаны туралы видео тарап жатыр. Алайда бұл - бұрын тараған фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та тараған жаңалықта Замбиядағы Китве деп аталатын қалада орналасқан сауда орталығының бірінің қонақтары ұзақ уақытқа дейін шошып қалғаны, өйткені аспанда түсініксіз нәрсе пайда болғаны айтылады. 

@drakomalfoy48

♬ оригинальный звук - Крым наш Драко краш

Бұл видео Желіде бұрыннан таралып жүр. Ал мұның жалған ақпарат екенін 2017 жылы шетелдік басылымдар жазған. Lenta.ru мәліметінше, Twitter қолданушылары Замбия аспанында "Гарри Поттердегі" дементорға ұқсайтын қорқынышты бұлт пайда болғанын айтқан. Ал The Independent басылымының мәліметіне сүйенсек, суретті Кэтрин Мур (Kathryn Moore) есімді қолданушы парақшасында жариялаған. Қыз оны өзі суретке түсірді ме әлде біреудің суреті ме, ол жағын нақтыламаған.

The Daily Mail мәліметінде де Замбияның Китве қаласында құйрықты нысан түріндегі бұлт суретке түсірілгені айтылады. Ол Mukuba сауда орталығының үстінде жарты сағат бойы тұрған. Басылым деректерінде куәгерлер атмосфералық құбылыстан қорқып, үреймен қашып кеткені, ал кейбіреулері Құдайдың белгісі деп, дұға ете бастағаны айтылады.

Twitter-де Желі қолданушылары Африка аспанында пайда болған "нысанның" Гарри Поттер фильміндегі дементорға ұқсайтынын айтқан. Дементорлар - фантастикалық туындыда адамдардан жанды немесе жарқын энергиясын соратын соқыр тіршілік иелері. Алайда микроблог қолданушылар замбиялық дементор туралы ақпарат жалған екенін айтады. Олар бұл сурет жасанды екенін мәлімдеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова