Қытай зауытында алапат өрт шықты: қаза тапқандар саны көбейіп жатыр

Қытай зауытында алапат өрт шықты: қаза тапқандар саны көбейіп жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

22 қарашада Қытайдың Хэнань провинциясындағы зауытта болған өрттен кем дегенде 36 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CGTN телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, өрт Аньян қаласындағы зауытта болған. Қазір 36 адамның қаза тапқаны, екеуі жарақат алғаны және тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.

Телеарна мәліметінше, өрт сөндірілген, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек