Аргентиналық тілші Катарда тікелей эфир жүргізіп, келеңсіз жайтқа тап болды

Аргентиналық тілші Катарда тікелей эфир жүргізіп, келеңсіз жайтқа тап болды

Аргентиналық Todo Noticias телеарнасының тілшісі Доминик Мецгерді тікелей эфирде хабар таратып жатқан кезде әлдекімдер тонап кетті, - деп хабарлайды Daily Mail.

Мецгер Дохадағы Корниш ауданында тікелей эфир жүргізіп тұрған. Тікелей эфир кезінде ол футбол жанкүйерлерімен билеп тұрған. Артынша дүкенде ақша төлемек кезде тілші сөмкесінен әмияны, құжаттары мен қонақүйдегі бөлменің кілті жоғалып кеткенін байқаған. Ұрлық тікелей эфирде түсіп қалмағанымен тілші бәрі ол билеп тұрған кезде болғанына сенімді. 

Тілші полицияға арыз жазып, тәртіп сақшыларының айтқан сөзіне таңғалған. 

"Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтайтындарын айтты және ұрыға жаза түрін өзім таңдай алатынымды айтты. Мен полицейлерге тек өзімнің заттарымды қайтарғым келетінін жеткіздім", - дейді Мецгер.  

Еске салайық, бүгінде Катарда футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина